КОЛЬЦОВ ПАВЕЛ
10.11.2013 12:18
kolcov

            1910 жылы дүниеге келген.

Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болған.

3-Украин және 1-Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысқан.

            1945 жылдың көктемінде Берлиндегі көше ұрыстарында сержант П.Кольцов 100-ден астам гитлершінің көзін жойды.

            Қызыл Ту орденімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен П.Кольцовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1953 жылдан Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында тұрды.

            Зырян қаласы көшелерінің біріне батыр есімі берілген.