15.05.2011 13:05


Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

2011 жылдың 2-23 сәуірі аралығында Халықаралық балалар кітап күні мен

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына

арналған қалалық КІТАП МЕРЕКЕСІН өткізеді

Мерекеге байланысты ұйымдастырылған төмендегідей сайыстарға қатысуға шақырады:

жас ақындар сайысы

- сайысқа қатысушылар 8-9, 10-11 сыныптар;

- шығармалар А-4 көлеміндегі форматта қазақ және орыс тілдерінде, баспа түрінде   қабылданады.

электронды тұсаукесер сайысы (слайд):

-       сайысқа қатысушылар 9-11 сыныптар;

-    орындалған жұмыстардың өңделу тәртібі: ұсынылатын жұмыс көлемі 20 слайдтан артық болмауы қажет, қораптың оң жақ төменгі бұрышында қатысушы туралы ақпарат орналассын: аты-жөні, мектеп, сынып.

жас суретшілер сайысы

- сайысқа қатысушылар 1- 4, 5-7 сыныптар;

- суреттер А-3 көлеміндегі форматта;

- орындалған жұмыс 2 см көлеміндегі ақ жиектермен қапталып, суреттің оң жақ төменгі бұрышында қатысушы туралы ақпарат орналассын: аты-жөні, мектеп, сынып.

Жұмыстар қатаң түрде сайыстың тәртібі мен тақырыбына сәйкес болуы керек. Бір қатысушыдан (ұжымнан) бір ғана жұмыс ұсынылады.

САРАПШЫЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ БАҒАЛАУ БЕЛГІСІ:

- жұмыстың мазмұны мен идеясы тақырыпқа сай болуы керек;

- композиция, мазмұндау тілі және стилі;

- өзіндік ойлау дербестігі;

- жұмыстың эстетикалық көркемделуі.

САЙЫСТЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

- сайысқа өтініш 2011 жылдың 14 наурызынан 10 сәуіріне дейін сайыскерлердің

мекен-жайлары бойынша орналасқан кітапхана-бөлімшелерінде қабылданады;

- сайысқа қатысатын талапкерлер мына мәліметтерді көрсетуі керек:

аты- жөні (толық), жасы, мекен жайы, телефоны;

-       сайыс қорытындылары Кітап мерекесінде жарияланады

(өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады);

- қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;

- жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады;

- жеңімпаздар туралы ақпарат баспа беттерінде жарияланады;

- жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына

енгізіледі  cbssemey.kz

Осы мереке аясында сайыстардан тыс оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. шаралар өткізіледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қалалық орталық  кітапхана

Ак.Павлов көшесі, 105

тел.: 56-88-65, факс 56-01-21

Бөлімшелердің байланыс телефондары:

№2  кітапхана-бөлімшесі: 34-36-56

№6  кітапхана-бөлімшесі: 53-02-82

№12  кітапхана-бөлімшесі: 42-44-50

Балалар және жасөспірімдер кітапханасы: 56-74-36

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі: 35-85-96


LAST_UPDATED2