КОЛЕСНИКОВ ВЛАДИМИР
10.11.2013 12:02
kolesnikov

            1924 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Багратионовка ауылында дүниеге келген.

1944 жылдан бастап 3-Белорус майданында 45-атқыштар корпусы өздігінен жүретін артиллерия полкінің құрамында соғысқан.

            Шығыс Пруссиямен шекарадағы шайқастарда өздігінен жүретін қондырғыларды шебер қолданудың, ерекше ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді. Оның басқаруындағы өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының экипажы жаудың 9 танкісін, 2 өздігінен жүретін зеңбірегін, 7 бронетранспортерін, 5 минометін, 12 пулеметін жойды.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.Колесниковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.