КЛИНОВИЦКИЙ КЛИМ
10.11.2013 11:22
klinovicki

            1924 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Мало-Убинка ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1943 жылдан бастап болды.

            14-гвардиялық Мозырь Қызыл тулы атты әскер дивизиясының 52-гвардиялық атты әскер полкі 1-эскадронының станокты пулеметшілер тобын басқара жүріп, сержант К.Клиновицкий эскадронный қоршаудан шығуын қамтамасыз етті. 200-ден астам неміс солдаты мен офицерінің көзі жойылды. Өзі ұрыс кезінде қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен К.Клиновицкийге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Оның есімімен Шығыс Қазақстан облысы Мало-Убинка ауылының орталық көшесі аталған.