КЛИМЕНКО ТРОФИМ
10.11.2013 11:05
klimenko

            1919 жылы Шыгыс Қазакстан облысы Таврия ауданының Украинка ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1941 жылдың тамызында аттанды.

Мәскеу қорғанысы, Сталинград түбіндегі ұрыстар, Орел-Курск иіні, Польшаны азат ету партия майоры Т.Клименконың майдандық өмірінің хроникасы осындай.

            Клименконың батальоны Батыс Буг, Сан, Висла өзендерінен ойдағыдай өтті. Соғысты Прагада аяқтады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығымен Т.Клименкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес Армиясы қатарында қалды.