КАРЕЛИН ПЕТР
10.11.2013 10:56
karelin

            1923 жылы дүниеге келген.

Соғыска дейін бұрынғы Семей облысының Шар стансасында тұрған.

Соғысқа 1942 жылдың қараша айында аттанды.

            9-гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, гвардия лейтенанты П. Карелин 1944 жылғы сәуір айындағы Армянок ауылының маңында (Қырым облысы) болған ұрыста жау дзотының амбразурасын денесімен жапқан.

            Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен П.Карелинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Шар қаласында батырға ескерткіш және мемориалдық тақта орнатылған.

            Қаланың бір мектебі мен көшесіне есімі берілген.