КАЗАЧЕНКО НИКОЛАЙ
10.11.2013 09:39
kazachenko

            1913 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде дүниеге келген.

            Қара теңіз флоты теңіз жаяу әскерлерінің 384-жеке батальонының Николаев қаласы ауданындағы десант құрамында көзге түсті. Қайсар 67 жауынгерді тізе бүктіре алмаған гитлершілдер оларға уландырғыш зат қолданған. Осы шайқаста Н.Казаченко қаза болды.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 20 сәуірдегі Жарлығымен Н.Казаченкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.