ИВАНОВ ГРИГОРИЙ
10.11.2013 09:30
ivanov

1919 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарханка ауылында дүниеге келген.

Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған.

Гвардия лейтенанты Г.Иванов қатарында шайқасқан 181-танк бригадасы Венгрияны азат ету жолындағы ұрыстарда, Тисса өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті.

Волга жағасы мен Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Румыния, Венгрия жэне Австрия арқылы Берлинге дейін жеткен жауынгерлік жолды жүріп өтті.

1945 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Г. Ивановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.