ИБРАЕВ ӘИТКЕШ
10.11.2013 09:18
ibraev

             1924 жылы бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында дүниеге келген.

            Соғысқа 1942 жылы аттанған.

            1264-атқыштар полкінің старшина Ә.Ибраев басқарған взводы 1944 жылғы 16 шілдеде Псков облысының Янчево ауылы түбінде болған ұрыста көзге түсті. Взвод артиллеристері жаудың 19 автомашинасын өртеп, 6 зеңбірегін, 12 пулемет нүктесін құртты.

            1944 жылғы 27 қазанда Сувалки каласының (Польша) түбіндегі шайқаста қаза тапты.

            Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Ә.Ибраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Батырдың туған жерінде ескерткіш орнатылған.