ЗАНУДИН ЮРИЙ
08.11.2013 17:08
zanydin

             1923 жылы бұрынғы Семей облысының Бородулиха ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1942 жылдың ақпан айынан бастап болды.

            459-атқыштар полкінің аға лейтенанты Ю.Зарудиннің басқаруындағы рота алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен өтіп, оң жағадағы плацдармға бекінді және өткел құрылысын оқ жаудыра отырып қорғады.

            Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, Қазан Революциясы, 3-дәрежелі Суворов, және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Ю.Зарудинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.