ЗАНУДИН ЮРИЙ |
08.11.2013 17:08 | |
1923 жылы бұрынғы Семей облысының Бородулиха ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1942 жылдың ақпан айынан бастап болды. 459-атқыштар полкінің аға лейтенанты Ю.Зарудиннің басқаруындағы рота алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен өтіп, оң жағадағы плацдармға бекінді және өткел құрылысын оқ жаудыра отырып қорғады. Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, Қазан Революциясы, 3-дәрежелі Суворов, және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Ю.Зарудинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |