ЖУРБА ПАВЕЛ |
08.11.2013 16:19 | |
1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Дарственное ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1941 жылдың шілде айынан бастап болған. 38 - атқыштар дивизиясы 132 - жеке саперлер батальонының бөлімшесін басқарған. Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Өз бөлімшесімен оң жағаға 1440 жауынгерді қару-жарағымен бірге өткізіп, танкіге қарсы қолданатын 15 зеңбіректі, 6 тонна азық-түлік пен 26 атты алып өтті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен П.Журбаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.
|