ЖУРБА ПАВЕЛ
08.11.2013 16:19
jyrba

1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Дарственное ауылында дүниеге келген.

Майдан шебінде 1941 жылдың шілде айынан бастап болған.

38 - атқыштар дивизиясы 132 - жеке саперлер батальонының бөлімшесін басқарған.

Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Өз бөлімшесімен оң жағаға 1440 жауынгерді қару-жарағымен бірге өткізіп, танкіге қарсы қолданатын 15 зеңбіректі, 6 тонна азық-түлік пен 26 атты алып өтті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен П.Журбаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.