ЖЕЛЕЗНЯКОВ ПЕТР PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
08.11.2013 15:57
jelezniakov

1918 жылы Семей каласында дүниеге келген.

Майдан шебінде 1942 жылдың тамыз айынан бастап болған.

Ұшқыш, звено жэне авиаэскадрилья командирі ретінде соғысты.

Өзінің жауынгер достарымен бірге Орел-Курск иініндегі, Днепр мен Висладагы, Сандомир мен Прага түбіндегі шайқастарда ерекше батылдықпен шайқасты.

Оның эскадрильясы 1943 жылғы қыркүйек айынан бастап 341 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды.

Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылгы 27 шілдедегі Жарлығымен гвардия капитаны П. Железняковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1951 жылы қызмет бабында жүргенде қайғылы қазаға ұшырады.

Семей қаржы-экономикалық колледжінде батыр мұражайы ашылған және мемориалдық тақта қойылған.