ЕФРЕМОВ ДМИТРИЙ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
08.11.2013 15:12
efremov

            1926 жылы дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1943 жылғы қараша айынан бастап болған.

2-Белорус майданының 380-армиялық дивизиясы 68-атқыштар полкінің құрамында, содан кейін З-Бслорус майданының Суворов орденді 70-Жоғарғы Днепр атқыштар дивизиясының құрамында соғысты.

            Өзін батыл, ерлікпен аты шыққан мерген, пулеметшілер взводының командирі ретінде көрсете білді. Кенигсберг қаласына жасалған шабуыл кезінде фашистердің Пиллау теңіз айлағына карай шегінетін жолын кесуге командование берген тапсырманың орындалуын ерлікпен қамтамасыз етті.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Д.Ефремовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Соғыстан соң Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында тұрды.