ЕЛИСТРАТОВ СЕРГЕЙ
08.11.2013 14:52
elistratov

            1923 жылы бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап болған.

Барлау бөлімшесінің командирі, сержант Елистратов 1943 жылғы 15 қазанда барлаушылар тобымен Днепр өзенінен өтіп, жаудың үш қарсы шабуылының бетін қайтарды. Дұшпан дзотын құртып, фашистерді тұтқынға алды, сөйтіп құнды мәліметтерді қолға түсірді.

Сталинград, Орталық, 2-Украин майдандарының құрамында шайқастарға қатысқан.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылгы 30 қазандағы Жарлығымен С.Елистратовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


ЕЛИСТРАТОВ СЕРГЕЙ