ЕЛЕУІСОВ ЖӘНІБЕК
08.11.2013 14:31
eleysov

             1925 жылы дүниеге келген.

1943 жылғы шілде айынан бастап Воронеж майданында 6-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының 25-гвардиялық полкі пулеметшілер бөлімшесінің командирі ретінде соғысқа қатысты.

            Десна, Днепр және Припять өзендерінен өту кезінде ерекше көзге түскен.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Ж.Елеуісовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында тұрған.