ГУЛЬКИН ИВАН
08.11.2013 14:04
gylkin

            1923 жылы бұрынғы Семей облысындағы Абай ауданының Алексеевка кентінде дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болды.

667-шабуылдаушы авиаполк ұшқышы, кіші лейтенант И.Гулькин Ұлы Отан соғысы кезінде 95 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды. Волхов, Калинин, Воронеж және Дала майдандарында шайқасқа түсті.

Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 4 ақпандағы Жарлығымен И.Гулькинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1945 жылдың наурыз айында жауынгерлік тапсырманы орындау үстінде қаза тапты.