ГОЛОВЧЕНКО ВАСИЛИЙ
08.11.2013 13:45
golovchenko

             1921 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген.

Майдан шебінде 1941 жылдың қараша айынан бастап болған.

            Алғашында взвод, содан кейін рота, одан соң батальон басқарды. Ол басқарған батальон 338-атқыштар дивизиясында бірінші болып жаудың қорғанысын бұзып өтіп, Шығыс Пруссия жеріне аяқ басты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.Головиченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында қалды.