ВЕРБИЦКИЙ ТИМОФЕЙ
08.11.2013 12:48
verbicki

            Балалық және жастық шағы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында өткен.

Майдан шебінде 1941 жылғы маусым айынан бастап болған.

Воронеж майданында соғысқан.

            Киевтен солтүстікке таман Днепр өзенінің батыс жағалауында плацдармды кеңейту жолындағы шайқастарда ерекше көзге түсті.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Т. Вербицкийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Алған жарақатынан госпитальда қайтыс болған.

            Шемонаиха қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.