Ең қымбат қазына - Кітап мерекесі

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында 2 сәуір - Әлемдік балалар кітабы күні мен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мерекелеріне арналған, бір ай төңірегінде Қалалық Кітап мерекесі өткізілді. Кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудан бос уақытын өткізу, интеллектуалды және рухани қасиеттерін дамыту, ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы. Кітап мерекесінің әр күні рухани байлықтарымызды насихаттау мақсатындағы түрлі шараларға толы болды. ОКЖ кітапханалары барлық бағыт, стил, формат бойынша: кездесу кештерін, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, ертеңгіліктер өткізді. Биылғы жылы кітапхана ұйымдастырған әр түрлі мерекелік байқауларға қаланың 36 мектебі мен 500-ден артық оқушылары қатысты.

Балалар арасында Отанын құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету мақсатында жас ақындар, электронды тұсаукесер (слайд) және жас суретшілер шығармашылық сайыстары жариялаған болатын. Кітап мерекесінің аясында жарияланған шығармашылық сайыстар жас талапкерлердің оқырмандарға өз ойларын білдіру мүмкіндігін тудырды және бұл ойлар тәуелсіздікке арналып жазылған жұмыстарында әдемі де, әсерлі суреттелген.

1

Мерекенің қорытынды бөлімі сәуір айының 22-ші жұлдызында Қалалық орталық кітапханада салтанатты түрде аталып өтті. Осы кеште сөз алған қонақтар алғыстарын білдіре отырып, ұрпағымызға ақыл берер, халқымыздың білімділігін арыттырып, сапасын жақсарттар кітапханалардың істеріне сәттілік тіледі.

2

Мереке барысында келешегі кемел жас ақындар сайысы жеңімпаздарының жырларын қонақтар ықыласпен тындап, электронды тұсаукесер сайысы жеңімпаздарының жұмыстарымен танысып, кітапхана фойесінде орналасқан жас суретшілердің еңбектерін тамашалады.

3

Кітап мерекесіне арнап №17 мектептің «Ұлылар үні» атты драмалық үйірменің қатысушылары өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен, қазақтың ұлы перзенттерінің бірі Қайрат Рысқұлбековты милиционерлердің тұтқынға алуы, кісі өлтірдің деп жала жабуы, ұрып-соғуы туралы көрніс көрсетіп, Қайраттың ар-намысының биік екенін дәлелдеген «Күнәдан таза басым бар» дейтін өлең жолдарынан үзінді оқыды.

4

Қойылым барысында бейне таспа арқылы оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан хроникалық үзінді көрсетілді. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздігімізге қол жеткізуде құрбан болған, қыршынан қиылған қазақ жастарының, мыңдаған боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жарияланды.

Байқауға қатысқан үміткерлерді бағалауға арнайы әділқазылар алқасы құрылып, жолданған жұмыстармен жете танысып, сарапқа салып бағаларын беріп, үздіктерді анықтады. Сайыстар нәтижесінде шығармашылық қабілеті бар, өнерлі оқырмандар іріктеліп шығып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Білімділік танытып жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер №39 мектептің 9 сынып оқушысы Жүкенов Нұржан, №47 мектептің 11 сынып оқушысы Айтқалиева Дана, №22 мектептің 10 сынып оқушысы Қалиев Дулат, №35 мектептің 3 сынып оқушысы Данильченко Ольга және осы мектептің 6 сынып оқушысы Таурбекова Саулелердің және т.б. мерейлері үстем болды.

5

Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының арнайы алғыс хаттарына қала мектептерінің оқушылары Дүйсенов Сұлтан, Чепрасов Александр, Бейсенбеков Талғат, Мубаракова Ақмарал, Ахмер Біржан, Қабдулова Айдана, Алпысбаева Ләззат, Дюсенова Айгерім ие болып, сайыстарымызға қатысып, ат салысып, белсенділік танытқан қаламыздағы және қала маңындағы мектептерге Орталықтандырылған кітапхана жүйесі өз тараптарынан құрмет көрсете отырып, алғыс хаттармен марапаттады.

6

Кеш соңында мерекеге қатысқан қауым осы мерекені өткізуге атсалысқан жандарға зор алғыстарын білдіріп, Кітапхана арқылы балалар мен жасөспірімдердің ішкі жан-дүниесімен мәдени рухани, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасы, сана-сезімі қалыптасады деген ойларын, ұсыныс-тілектерін айтты. Кітап мерекесінің оқырман қауымға берер рухани ләззаты мол болды деген ниеттеміз.

7

8

 

 

Жас ақындар сайысы

8-9 сынып

1 орын

2 орын

3 орын

 

10-11 сынып

1 орын

2 орын

3 орын

 

Электронды тұсау кесер сайысы

1 орын Калиев Дулат

2 орын Игисинов Думан

3 орын Ануарбекова Куралай

 

Жас суретшілер сайысы

1-4 сынып

1 орын Данильченко Ольга

2 орын Жампозов Тигран

3 орын Ахметова Анель

 

5-7 сынып

1 орын Таурбекова Сауле

2 орын Дерябина Яна

3 орын Дуйсенов Султан

 

LAST_UPDATED2  
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42450

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Сәуір 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 14 1 2 3 4
week 15 5 6 7 8 9 10 11
week 16 12 13 14 15 16 17 18
week 17 19 20 21 22 23 24 25
week 18 26 27 28 29 30

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1937
mod_vvisit_counterКеше7202
mod_vvisit_counterОсы жұмада36708
mod_vvisit_counterОсы айда61338
mod_vvisit_counterБарлығы7701173

Қазір сайтта: 127

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%