ВЕЛИЧКО ВАЛЕРИЙ
08.11.2013 12:41
velichko

            1925 жылы казіргі Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауылында дүниеге келген.

            Майданда 1944 жылдың тамыз айынан бастап болған.

1944 жылғы 18 қыркүйекте Латвияның Дебеле қаласы іргесінде өткен ұрыста көзге түсті. Аға сержант В. Величко Т-34 танкісінің зеңбірегімен бірнеше жау танкісін жойды. Осы шайқаста ол және оның жауынгер жолдастары қаза тапты, бірақ жауды өткізген жоқ.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.Величкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.