ВАХОНИН ГРИГОРИЙ
08.11.2013 12:25

1919 жылы дүниеге келген.

Майдан шебінде 1941 жылдың желтоқсан айынан бастап болған.

1943 жылғы 29 қыркүйекте Чернигов облысы Радуль стансасының түбінде 5 гитлершілді тұтқынға алып, батылдық пен ерлік көрсетті.

1943 жылғы 1 қазанда Днепр өзенінен өту кезінде жаудың 2 пулеметін жойды. Барлаушылар ротасының өзеннен аман-есен өтуін қамтамасыз етті.

Ленин орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Г. Вахонинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.