ВАСИЛЬЕВ ТИМОФЕЙ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
08.11.2013 12:17
vasilev timofei

1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Белокаменка ауылында дүниеге келген.

Майданға 1942 жылдан бастап барлау взводы командирінің көмекшісі ретінде араласқан.

Киев түбінде соғысты, Карел майданындағы ұрыстарға қатысты.

1944 жылғы 9 қазанда Титовка өзенінен өту кезінде атқыштар бөлімшесінің командирі Т. Васильев нағыз ерлік көрсетті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Т.Васильевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Өскемен қаласына оралды.