ВАСИЛЬЕВ АНДРЕЙ
08.11.2013 12:11
vasilev andrei

1898 жылы дүниеге келген. Майдан шебінде 1942 жылдан бастап болған.

Воронеж және 1-Украин майдандарында соғысқан, бөлімше басқарған, атқыштар взводы командирінің көмекшісі болды.

1943 жылғы қазан айында Новые Петровцы ауылының түбінде болған ұрыста ерекше көзге түскен.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен А. Васильевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылғы 17 қаңтарда шайқаста ерлікпен қаза тапты.