ВАРЕПА ИВАН PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
08.11.2013 12:02
varepa

1910 жылы бұрынғы Семей облысы Перьятенка ауылында дүниеге келген.

Майданда 1943 жылғы тамыз айынан бастап болған.

Орталық, Сталинград, Украин, 2-Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысқан.

1943 жылғы қыркүйекте Днепр өзенінен өткен кезде көзге түсті. Гвардия кіші сержанты Варепа жауған оқ астында алғашқылардың бірі болып оң жағаға өтті.

Ленин, Александр Невский ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен И. Варепаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін туған ауылына оралды.