БУТОРИН ВИКТОР
07.11.2013 17:03
bytorin

 

1898 жылы Семей каласында дүниеге келген.

Майданға 1943 жылы аттанып, 62-гвардиялық атты әскер полкі қылышшылар взводының командирі болған. Сталинград және Орталық майдандардағы шайқастарға қатысып, үш рет жараланған.

Днепр үшін, Чернигов облысының Перше Травня ауылы үшін болған шайқастарда көзге түсті.

Қызыл Ту орденімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен В. Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.