БУРЛАЧЕНКО СТЕПАН |
07.11.2013 16:47 | |
. 1914 жылы бұрынғы Семей облысы Новошульба ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған. 47-гвардиялық танкшілер бригадасының механик-жүргізушісі, гвардия сержанты С.Бурлаченко алдыңғы шептегі отряд құрамында әрекет ете жүріп, шайқас кезінде қатардан шығып қалған танк командирінің орнын басқан. Батыс, Сталинград, 1-Белорус майдандарында соғысқа қатысты. Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен С.Бурлаченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
|