БУРЛАЧЕНКО СТЕПАН PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
07.11.2013 16:47
byrlachenko

 .

1914 жылы бұрынғы Семей облысы Новошульба ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген.

Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған.

47-гвардиялық танкшілер бригадасының механик-жүргізушісі, гвардия сержанты С.Бурлаченко алдыңғы шептегі отряд құрамында әрекет ете жүріп, шайқас кезінде қатардан шығып қалған танк командирінің орнын басқан.

Батыс, Сталинград, 1-Белорус майдандарында соғысқа қатысты.

Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен С.Бурлаченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.