07.11.2013 16:17
bydnik

 

1924 жылы бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Майданға 1943 жылы наурыз айында аттанған.

151-атқыштар полкінің барлаушысы. Припять өзенінен өту кезінде көзге түсті.

Ленин, 1 - дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24 қыркүйектегі Жарлығымен Г. Будникке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті.