07.11.2013 16:17 | |
1924 жылы бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген. Майданға 1943 жылы наурыз айында аттанған. 151-атқыштар полкінің барлаушысы. Припять өзенінен өту кезінде көзге түсті. Ленин, 1 - дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24 қыркүйектегі Жарлығымен Г. Будникке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан босағаннан кейін Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті. |