БРИЛИН ПАВЕЛ
07.11.2013 15:46
brilin

1913 жылы дүниеге келген.

Майдан шебіне 1941 жылы аттанған.

Орталық, Калинин, 1-Прибалтика, З-Белорус майдандарындағы әскерлер құрамында соғысты.

Кенигсберг қаласын алу үшін болған шайқастарда ерекше ерлік пен батылдық көрсетті.

3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен П. Брилинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін Зырян қаласына оралды.

Зырян қаласы мен Соловьево ауылы көшелерінің біріне батыр есімі берілген.