БОРОЗЕНЕЦ СТЕПАН |
07.11.2013 14:44 | |
1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1944 жылдың қаңтар айынан бастап болды. 569-шабуылдау авиаполкінің звено командирі, лейтенант С. Борозенец жаудың шоғырланған әскерлерін, теміржол магистральдарын бомбалау және шабуылдау үшін 94 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырған. Ленин, Қызыл Ту, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен С.Борозенецке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. |