БОРОЗЕНЕЦ СТЕПАН
07.11.2013 14:44
borozenec

            1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1944 жылдың қаңтар айынан бастап болды.

569-шабуылдау авиаполкінің звено командирі, лейтенант С. Борозенец жаудың шоғырланған әскерлерін, теміржол магистральдарын бомбалау және шабуылдау үшін 94 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырған.

            Ленин, Қызыл Ту, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен С.Борозенецке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.