БОЛТАЕВ ГЕОРГИЙ |
07.11.2013 14:33 | |
1914 жылы туған. 1942 жылы Семей каласының әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. Майдан шебінде 1944 жылдан бастап болған 172-гвардиялық атқыштар полкі автоматшылар ротасының командирі, гвардия капитаны Г.Болтаев Одер өзенінің сол жағалауындағы жау қорғанысын бұзып өту және Зелов қаласын (Германия) алу кезінде ерекше көзге түсті. Ленин, Александр Невский, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен аға сержант Г. Болтаев Кеңес Одағының Батыры атанды. |