БОЛТАЕВ ГЕОРГИЙ
07.11.2013 14:33
boltaev

1914 жылы туған. 1942 жылы Семей каласының әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.

            Майдан шебінде 1944 жылдан бастап болған 172-гвардиялық атқыштар полкі автоматшылар ротасының командирі, гвардия капитаны Г.Болтаев Одер өзенінің сол жағалауындағы жау қорғанысын бұзып өту және Зелов қаласын (Германия) алу кезінде ерекше көзге түсті.

            Ленин, Александр Невский, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен аға сержант Г. Болтаев Кеңес Одағының Батыры атанды.