БЕРЕСТОВ ФЕДОР
07.11.2013 14:25
berestov

1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде дүниеге келген.

Армияға 1941 жылдың тамыз айында шақырылды.

67-гвардиялық атқыштар дивизиясының 201-гвардиялық атқыштар полкінде бөлімше басқарған гвардия сержанты Ф.Берестов жау дзотының үнін өшіріп, ғажайып ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен еді. 1944 жылдың маусым айында Батые Двина өзенінен алғашқылардың бірі болып өткен.

Шайқас алаңында қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен гвардия сержанты Ф. Берестовка Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.