БЕЛІБАЕВ ЗӘКӘРИЯ
07.11.2013 14:16
belibaev

             1917 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болды.

18 - жеке понтон-көпірлік батальонның понтоншысы.

            1943 жылы Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түсті. Бөлімшенің жараланған командирінің орнын басты, өзеннің оң жағасына бірінші болып десант түсірді. Бірнеше тәулік бойы дұшпан жаудырған оқтың астында жеке құрам мен техниканы өткізді.

            Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 10 қазандағы Жарлығымен аға сержант 3.Белібаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Әскер қатарынан босаған соң туған жеріне оралды.