БЕКБОСЫНОВ СЕРІКҚАЗЫ
07.11.2013 14:07
bekbosinov

 

            1925 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Қызылорда ауылында дүниеге келген.

            Майдан шебінде 1943 жылғы қаңтар айынан бастап болған.

7 - армияның 99-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында ерлікпен соғысты. Свирь өзенінен өту кезінде ерекше көзге түскен.

            С.Бекбосынов арасында болған 12 ержүрек жауынгердің батыл іс-қимылдары арқасында Карелия майданының алдына қойылған тапсырма ойдағыдай орындалған болатын.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен С. Бекбосыновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Жауды жеңіп, әскер қатарынан босағаннан кейін туған жеріне оралды.