БЕЗГОЛОСОВ ВИТАЛИЙ
07.11.2013 13:17
bezgolosov

1920 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Каменевка ауылында дүниеге келген.

            Майдан жолын 1941 жылдың қазан айынан бастап, Калинин, Дала, 1 және 4-Украин майдандарында шайқасқа қатысты. 1943 жылдан 1945 жылғы наурызға дейін В. Безголосое 279 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды.

            Жауынгер жолдасы мен командирінің өмірін қорғап қалып, өзі қаза тапты. Моравск-Острава қаласынан 18 шақырым жердегі Паруба ауылында жерленген.

            3-дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен В. Безголосовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.