БАТИНЬКОВ СЕРГЕЙ
07.11.2013 13:09
batinkov

1920 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Майдан шебінде 1942 жылдың шілде айынан бастап 208-шабуылшы авиаполктің эскадрилья командирі болды. 1945 жылдың наурыз айынан 129 жауынгерлік ұшуды   жүзеге асырды. Брянск, Воронеж, Оңтүстік-Батыс, 1 және 4-Украин майдандарында шайқасқа қатысты. Жаудың Доннан Одерге дейінгі өткелдеріне шабуыл жасады.

            Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.