БАЗДЫРЕВ ГРИГОРИЙ |
07.11.2013 12:46 | |
1907 жылы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Комариха ауылында дүниеге келген. Майданға 1942 жылдың қараша айында аттанды. 7-гвардиялық механикаландырылған бригаданың инженерлік-миналық ротасының Баздырев басқарған саперлік бөлімшесі 1943 жылдың қыркүйек айында Днепрден өтіп, плацдармға мина қойған, сол жерде жаудың 5 танкісінің күлі көкке ұшты. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан босағаннан кейін Семей қаласында тұрып, жүмыс істеген. Қала көшелерінің біріне батырдың есімі берілген. |