БАЗДЫРЕВ ГРИГОРИЙ
07.11.2013 12:46
bazdirev

            1907 жылы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Комариха ауылында дүниеге келген.

Майданға 1942 жылдың қараша айында аттанды.

            7-гвардиялық механикаландырылған бригаданың инженерлік-миналық ротасының Баздырев басқарған саперлік бөлімшесі 1943 жылдың қыркүйек айында Днепрден өтіп, плацдармға мина қойған, сол жерде жаудың 5 танкісінің күлі көкке ұшты.

            Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін Семей қаласында тұрып, жүмыс істеген.

            Қала көшелерінің біріне батырдың есімі берілген.