АУХАДИЕВ ҚОЙГЕЛДІ PDF Басып шығару E-mail
Автор: phoenix   
07.11.2013 12:28
ayhadiev

 

            1907 жылы бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1942 жылдың шілде айында аттанды.

13-армияның 6-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының құрамында шайқастарға қатысты.

            Днепрден өткен кезде ерекше көзге түсті. Ол үш танкті атып түсіріп, екі танкті өртеген, оқ-дәрі тиелген үш автомашинаны, екі «Фердинанд» пен бес станокты пулеметті жойған.

            1943 жылғы қыркүйекте шайқаста ерлікпен қаза тапты.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен гвардия кіші сержанты Қ. Аухадиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауылында ескерткіш қойылған.

            Көкпекті ауылындағы көшеге, Теректі ауылындағы мектепке есімі берілген.