АСТАФЬЕВ ИВАН
07.11.2013 12:08
astafev

 

1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Усть-Таловка ауылында дүниеге келген.

            1941 жылдың желтоқсан айынан бастап майданда болды.

Батыс және 1 - Белорус майдандарында пулеметші, танктің және өздігінен жүретін СУ-85 қондырғысының механик-жүргізушісі болып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғысты.

            Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            Неміс қаласы Воленді алу кезінде қаза тапты.

            Усть-Таловка мектебіне, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарындағы көшелерге, саябақтарға есімі берілген.