АЙТЫҚОВ ІЗҒҰТТЫ
07.11.2013 11:56
aitikov

1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген.

            1942 жылы майданға аттанды.

Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысты, Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерлерін азат етіп, Батыс Двина жағалауына дейін жетті.

            Ержүрек барлаушы I.Айтықовтың бір өзі 50 гитлершілдің көзін жойды және бөлімге 22 «тіл» жеткізді.

            Қызыл Жұлдыз, 2, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен гвардия старшинасы I. Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1944 жылы Полоцк қаласын алу кезінде қаза тапты.

            Бір кемеге, көшелерге, өзі оқыған Тарғын мектебіне есімі берілген.

 

aitikov1 aitikov2