АВДЕЕВ НИКОЛАЙ
07.11.2013 11:46
avdeev

1919 жылы бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауданының Олеговка ауылында дүниеге келген.

            Майданға 1942 жылдың қазан айында аттанды.

8-гвардиялық авиа-полктің эскадрилья штурманы, гвардия капитаны болған Н. Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды.

            Сталинград, Орталық, Оңтүстік-Батыс және 1, 2, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысты.

            Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

            КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

            1944 жылдың қазан айында Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты.

            Киев қаласының Мәңгі Даңқ саябағындағы гранит тақталардың бірінде оның есімі қашап жазылған.

            Орск қаласындағы мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.