Сенің бірінші энциклопедияларың
06.11.2013 10:28

№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Сенің бірінші энциклопедияларың» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өтті. Шараға №30 мектептің 3 «б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі М.В.Скворцова қатысты. Мақсаты: балаларды энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктермен таныстырып, олардың құрылысы туралы және оларды қалай қолдану керек екенін түсіндіру, үйрету.

   Сабаққа арнап анықтамалықтар мен сөздіктер, энциклопедиялар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларға энциклопедиялардың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін, және олар бірінші көмекші, адал достар екенін атап өтті. Сонымен қатар балаларды әр түрлі сөздіктермен, анықтамалықтармен таныстырып, оларды қолдану әдістері көрсетілді. Сабақтың аяғында балалар өз беттерімен керекті энциклопедиялар мен сөздіктерді қолданып, жұмыс жасап, дұрыс жауаптарды тауып, тапсырмалар орындады.

deti knigi