Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
20.02.2011 14:14

Биыл 1986 жылғы Алматыда өткен «Желтоқсан» оқиғаларына 25 жыл толса, еліміздің егемендік алғанына 20 жыл болады.

 

P2110003Сондықтан осы тарихи мерейтойларға арнап Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ай сайын әр түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сол шаралардың бірі ақпан айының 11 күні «Жұлдыз» клубы отырысының аясында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты №17 мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Бұл кештің басты мақсаты – өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға шақыру арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

P2110001Кеш барысында 20 жыл ішінде біздің еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерінен ақпарат берілді. Ал көрнекілік үшін кітап көрмесі және «Тәуелсіздік шежіресі» атты түрлі-түсті суреттермен безендірілген стенд жасалды. Бұл стендте сол 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғаларынан бастап кеше ғана Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы толық ақпарат хронологиялық тәртіп бойынша берілген.

IMG_4993Сонымен қатар кеш қонақтарының назарына «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» атты электронды презентация ұсынылды. Мұнда слайдтар көрсетумен қатар дыбыстандырылған мәтін кадр артынан оқылып тұрды.IMG_4991

Бұдан соң кешке қатысушылардың Отанымыздың тарихы мен мәдениетін және географиясын қаншалықты білетіндіктерін сынау мақсатында «Сен еліңнің тарихын білесің бе?» деген айдармен блиц-турнир өткізілді.

№17 мектептің ұстазы Оразалина Дидар Кәменқызының жетекшілік етуімен жоғары сынып оқушылары Қайрат Рысқұлбековтың қамауға алынған сәтінен қысқаша «Желтоқсан оқиғасы» атты сахналық көрініс қойды. Рольдерді орындағандар: Қайрат - Орынбеков Ерузат, милиционер - Елеусізов Қуаныш, тергеуші - Жұмамаметұлы Нұрқалы, кезекші - Болатов Сырым, Қайраттың жеңгесі - Нұрбекова Мөлдір, жеңгесінің көршісі - Абдыхамитова Әсел.

IMG_4989 IMG_4995

 

«Желтоқсан» атты әдеби монтажды №17 мектептің 6 сынып оқушылары орындады. Олар: Ақабаев Сабыржан, Алатаева Гүлназ, Еркінбек Зерлен, Жұмашева Диана, Қажығұмарова Анель, Мерғазиев Ерасыл, Рахымберлинова Гүлжан, Серғалиев Диас, Төлемесова Айым.

P2110007

№17 мектептің 7 сынып оқушысы Аразалинов Мағжан

«Қазақстаным» әнін орындауда.


P2110009

 

№17 мектептің 7 сынып оқушысы Оразғалиева Камила

«Егеменді Қазақстан» әнін орындау үстінде


LAST_UPDATED2