«Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ»
01.11.2013 15:49

            №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» атты маман қеңесі өткізілді. Шараға Еуразиялық техникалық-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

         Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден аулақ болуға зор мән беру.             Кітапханашы жас кезден бастап салауатты өмір салтын сақтауға, ол үшін біздің елімізде үлкен мән беріліп, көптеген спорт кешендері ашылып жатқандығы туралы айтып өтті.

            Кездесуге арнайы келген маман дәрігер З.Б.Сальменбаева және «Жас Асыл» денсаулық жастар кешенінің психологі М.Н.Сапаргалиеваға сөз берілді. Олар адамның денсаулығы кандай себептермен бағаланатынын, арақ пен темекінің зияндары туралы айтты. Артынан ішімдіктердің адам ағзасын қалай әсер ететіні туралы деректі фильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылардын барлығына буклеттер мен плакаттар, берілген тақырыпқа арналған кітапшалар таратылды.

vbfd dfgdf


LAST_UPDATED2